Экспресс-почта “РИКА”
  • Жұмыс күндері:
    ДС.-ЖМ.
    9:00 - 18:00
  • Жұмыс күндері:
    СЕН.
    9:30 - 14:00

ТМД және алыс шетел елдеріндегі кедендік тазалау.

ЖІБЕРУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ 


Құрметті клиенттер!

Басқа елге жүкті (жөнелтілімді) рәсімдеу және жөнелтімді төлер алдында, өтінеміз, төмендегі ақпаратпен танысыңыз. 


РИКА ЖШС міндеттемелері, қызметтері мен атқарымдарына кірмейді: 

  1. Басқа елдерде жүкті кедендік рәсімдеу бойынша, сонымен қатар, кедендік заңнама, кедендік жеңілдіктер мен баждар көлемі, импорттық жүктерге салық салу және т.б. туралы сұрақтар бойынша кеңес беру

  2. Басқа елдерде жүкті кедердік рәсімдеу. РИКА ЖШС аталмыш қызметті Қазақстаннан тыс жүзеге асырмайды және ол үшін жіберушілер немесе алушылардан ақы алмайды. Жүктерді Қазақстаннан РИКА ЖШС арқылы жібере отырып, сіз РИКА ЖШС-не жеткізу қызметтері үшін ғана төлейсіз. 

  3. Жүктің бару елінде кеден органдарының жүкті кідіртуі немесе жүкті тәркілеуі үшін жауапкершілік, және салдары ретінде, жеткізу мерзімдерін бұзу
    Бұл орын алуы ықтимал себептер: жіберуші инвойста көрсеткен, жүк мазмұнының сипаты және құны туралы жалған мәліметтер; уақтылы кедендік рәсімдемеу немесе алушы тарапынан одан бас тартуы; жүктің ішіндегісіне тағайындалған елге кіргізуге тыйым салынған. Жүк баратын елдегі кедендік заңнамаға тәуелді жоғарыда көрсетілген әрекеттер салдары әртүрлі болуы мүмкін – алушы кедендік рәсімдеуді орындағанға дейін кедендік органдардың жүкті кідіртуінен бастап, елге кіргізуге тыйым себебі бойынша жеткізу қызметінен жүктің тәркіленуі немесе кедердік рәсімдеуге берілген мерзімнің аяқталіуына дейін.

  4. Коммерциялық инвойста немесе проформа инвойста деректердің толтырылуы мен дұрыстығы үшін жауапкершілік толығымен жөнелтушіге жүктеледі, Рика ЖШС консультанттарының инвойсты толтыру жөніндегі консультациялары тек таныстыру сипатына ие және кедендік тазарту кезінде белгіленген пункттегі барлық кейінгі рәсімдер жөнелтушінің жауапкершілігі болып табылады.


Жоғарыда айтылғандармен байланысты РИКА ЖШС жіберушілерге ұсынады: 

  1. Жүк жіберілетін елдегі кедендік нормалармен және жүктер импорты ережелерімен танысу немесе оларды алушыдан нақтылап білу. Егер алушы аталмыш ақпаратты білмейтін болса – оны ақпаратпен таныстыру немесе танысуды өтіну.  

  2. Жүкке ілеспе құжаттарда (инвойс, көлік жөнелтпе құжаты) максималды шынайы ақпаратты көрсету. Бұл тағайындалған ел кеденінде жүктің кідіруінің және алушы үшін баждар мен кедендік рәсімдеуді төлеуге болжанбаған шығындардың алдын алуға көмектеседі. 

  3. Рика ЖШС өкілі инвойсты толтыру жөнінде ұсынымдар алғаннан кейін инвойсты алушыға жіберу және осы инвойсты алушы растағаннан кейін алыс шетелге жөнелту қажет.


Құрметпен және түсіністікке үмітпен, 

Рика ЖШС әкімшілігі  




Поделиться с друзьями

ВКонтакт Facebook Google Plus Одноклассники Twitter Livejournal Liveinternet Mail.Ru