Экспресс-почта “РИКА”
  • Сall-орталығы:+7-7172 270-300
  • Жұмыс күндері:
    ДС.-ЖМ.
    9:00 - 18:00
  • Жұмыс күндері:
    СЕН.
    9:30 - 14:00

Компания туралы

«РИКА» ЖШС пошталық жөнелтулерді, экспресс-поштаны қабылдау, тасымалдау және жеткізу қызметтерін (курьерлік қызметтер) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң № 0001922 лицензиясының негізінде атқарады.

Отандық нарық көшбасшыларының бірі болып саналатын «Рика» компаниясы пошталық жөнелтулер мен экспресс-пошталарды бүкіл Қазақстан бойынша тасымалдау жұмыстарына ерекше көңіл бөле отырып, логистикалық қызметтердің кең ауқымын қамтиды.

Шұғыл құжаттарды және бірнеше пакеттер, сәлемдемелер мен жүктерден тұратын жөнелтулерді жылдам жеткізу түріндегі біздің қызметтер әлемнің 190-нан астам мемлекеттерінде жүзеге асырылады.

Біздің миссиямыз – адамдарды байланыстыра отырып, олардың өмірін жақсарту. Көрсетілетін қызметтеріміздің барынша сапалы және сенімді болуы үшін, 20 жыл бойы бар күш-қуатымызды, біліміміз бен энергиямызды, бар мүмкіндігімізді салып, пайдаланып келеміз. Тапсырыскерлеріміздің санының үздіксіз жоғарылауы - біздің дұрыс бағытта келе жатқандығымыздың дәлелі.

Біздің қызметтерімізбен мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар, банк мекемелері, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, шетелдік өкілдіктер және жеке тұлғалар пайдаланады.

Компаниямыздың жұмысты белгілі тәртіппен атқаратын қызметкерлер тобы бөлімшелік тармақтармен бірлесе отырып, корреспонденцияның еліміздің барлық облыс орталықтарына жеткізілуін қамтамасыз етеді. «РИКА» ЖШС персоналы көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату саласында белсенді жұмыс атқаруда.

Уақыт сынағынан өткен авиациялық, темір жол және автокөлік мекемелерімен орнатылған әріптестік қатынастардың арқасында корреспонденцияның уақытылы жеткізілуіне кепілдік береміз.  

Бізбен жеткізу барысының кез-келген кезеңін жөнелту туралы хабарлама жүйесі және корреспонденцияны қабылдау жайлы мәліметті телефон, факс немесе электронды пошта арқылы бақылай аласыз.

Біздің тарифтерге ҚҚС, даярлау және барлық қажетті қаржылық құжаттарды жеткізу, фирмалық орауыш материал, курьерді шақырту, поштаны жеткізуде екі рет әрекет жасау, жөнелту барысы туралы мәлімет беру және жеткізілгендігін растау қызметтері кіреді.

Біз төмендегідей қызметтер көрсетеміз:
  • тапсырыскерлер құжаттары мен сәлемдемелерін әуе және жер үсті көлігімен «есіктен есікке дейін» принципі негізінде қол қойдырып, жеткізу;
  • курьерді тегін шақырту және корреспонденцияны тапсырыскер кеңсесінде келісілген уақытта қабылдау;
  • тапсырыскердің талабы бойынша корреспонденция/жүктің жөнелтілуі мен жеткізілуі туралы мәліметті телефон, факс, электронды пошта арқылы қамтамасыз ету;
  • курьерлік жөнелтулердің тапсырыскер кеңсесінде қабылданған қалпындағы құпиялылығы пен мүлтіксіз сақталуына кепілдік береміз.
  • жеткізу немесе басқа мекен-жайға жөнелтуге қажет нақты мағлұматты алғанша, корреспонденцияны сақтау.
Сіздерге ыңғайлы болу үшін, «РИКА» экспресс-поштасы Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында сенбі күні сағат 14-00-ге дейін жұмыс істейді.

Келісім-шарт жасау барысында курьерлік қызметтерді көрсету аясындағы міндеттемені бұзуға байланысты өз жауапкершілігімізді 2016 жыл, 9 сәуір № 498-V ЗРК Қазақстан Республикасы «Пошта туралы» заңының 44 тармағына сәйкес қарастырамыз. 

УАҚЫТ ПЕН АРАҚАШЫҚТЫҚТЫҢ СІЗДІҢ БИЗНЕСІҢІЗГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕМІЗ!