Экспресс-почта “РИКА”
  • Сall-орталығы:+7-7172 270-300
  • Жұмыс күндері:
    ДС.-ЖМ.
    9:00 - 18:00
  • Жұмыс күндері:
    СЕН.
    9:30 - 14:00

Тарихы

РИКА компаниясы 1996 жылы құрылды және қазақстандық нарықта логистикалық қызметтер көрсету саласының пионері болып табылады. Шағын ғана кеңсе мен құрамы екі адамнан басталған бұл компания, 27 жыл бойы ұзақ жолды бастан өткерді. Қазіргі таңда компанияның өкілдіктері Қазақстанның барлық облыс орталықтарында ашылған. Компанияның құрылуы мен өсіп-өнуі - Қазақстан экономикасының екпінді, сондай-ақ тұрақты дамуымен тығыз байланысты болды. Бүгін, компания Қазақстан секілді аяғын нық басып, болашаққа зор сеніммен қарайды. 

Көрсетілетін қызметтеріміздің барынша сапалы және сенімді болуы үшін, осы 27 жыл бойы бар күш-қуатымызды, біліміміз бен энергиямызды, бар мүмкіндігімізді салып, пайдаланып келеміз. Тапсырыскерлеріміздің санының үздіксіз жоғарылауы - біздің дұрыс бағытта келе жатқандығымыздың дәлелі.