Экспресс-почта “РИКА”
  • Сall-орталығы:+7-7172 270-300
  • Жұмыс күндері:
    ДС.-ЖМ.
    9:00 - 18:00
  • Жұмыс күндері:
    СЕН.
    9:30 - 14:00

Болашаққа көзқарасы

Біздің қол жеткізіп отырған табыстарымыз тапсырыскерлеріміздің жетістіктерімен тікелей байланысты. Тапсырыскерлеріміздің тілектері біздің тілектерімізбен біртұтас болып табылады. Қызметтерімізді түрлі тұлғалар мен ұйымдар, оның ішінде жеке кәсіпкерлер мен зейнеткерлерден бастап, ондаған мың қызметкерлері бар ірі компаниялар пайдаланады. Себебі, тапсырыскерлеріміз олардың өмірін барынша жеңілдетіп, жанұялары, жұмысы және бизнестеріне көбірек көңіл бөлулеріне көмектесетіндігімізге сенім білдіреді. Әрбір жөнелтуге аса үлкен назар аудара отырып, зор қамқорлық пен жауапкершілікпен қарайтындығымызды түсінеді. Жоғары сатыға қойылған сенімділік пен сыйластық - біздің қарым-қатынасымыздың негізі болып табылады.

Біз Қазақстан экономикасын икемдірек және тиімдірек ете отырып, қазақстандықтар өмірінің сапасын жоғарылатып, экономиканың дамуына өз септігімізді тигізудеміз. Компаниямыздың дамуын бүкіл Қазақстан дамуы призмасы арқылы қарастырамыз. Біздің мемлекетіміздің молшылығы мен дәулеттілігі нарықта сұранысқа ие жаңа өнімдер мен қызметтер бойынша күнделікті қызмет атқарып жүрген мыңдаған адамдар мен компаниялар күшімен құрылады. Біз адамдар және компаниялардың идеялар, ақпарат пен мәліметтермен тиімді және сенімді жолмен өзара алмасуларына жәрдемдесу арқылы тұтас қауымдастықтардың жұмысын үйлесімді, келісімді және нәтижелі етеміз.

Логистика біз үшін жұмыс немесе бизнес емес, бұл біздің өміріміздің мәні. Бұл жай стандартты транзакциялар мен бизнес үрдістердің өңсіз жинағы емес. Бізге сенімділік артып жіберілетін жөнелтулер – біздің тапсырыскерлердің қызықты идеялары және жаңа жобалары, олардың ниеттері мен жоспарларының маңызды бөлшектері болып табылады. Осының барлығы: жоғары оқу орнына түсу болсын, жаңа автокөлікке ие болу, жаңа тұрғын үйді пайдалануға өткізу немесе келесі бір темір жолының кесіндісі болсын, тапсырыскерлеріміздің табыстарына деген біздің қатысымыздың бар екендігін сезіндіреді.