Қазанның 9-шы жұлдызында 1969 жылы Дүниежүзілік Пошта Одағымен орнатылған, жыл сайынғы халықаралық мейрамдардың бірі болып саналатын Бүкіләлемдік пошта күні тойланады.
Дүниежүзілік Пошта Одағы басшылығының сөзіне сүйенсек, пошта қазір өзінің өркендеу кезеңін бастан өткеруде. Поштаның басты міндеті болып табылатын ақпаратты тапсыру, тауарлар мен жүктерді жеткізу ұдайы дамытылып, кеңейтіліп отырады. Қызметтердің жаңа түрлері пайда болып, ескі түрлері жетілдіріле түсуде. Қазіргі таңда курьерлік пошта қызметі ең кең таралған түрі болып табылады.
|