09.09.2026
Құрметті Клиенттер!
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Еуропалық Одақ аумағында жөнелтілімдерді кедендік рәсімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Аталған өзгерістер құны төмен тауарлары бар B2C жөнелтілімдеріне (low-value) тікелей қатысты.
Жөнелтілімдерді өңдеу кезінде кідірістерге, қосымша шығындарға және жөнелтілімдердің ықтимал қайтарылуына жол бермеу мақсатында процестеріңіздің жаңа талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
1. 150 еуро көлеміндегі бажсыз әкелу шегінің жойылуы
Бұған дейін тауарларды 150 еуроға дейінгі құны шегінде Еуропалық Одаққа кедендік баж төлемей әкелуге мүмкіндік берген шек жойылды.
2. Әрбір тауар позициясына 3 еуро мөлшеріндегі белгіленген баж
Құны 150 еуроға дейінгі B2C жөнелтілімдеріне әрбір тауар позициясы (tariff line) үшін 3 еуро мөлшерінде белгіленген кедендік баж қолданылады.
Бұдан бөлек, жөнелтілімдерді өңдеу үшін қосымша алымдар алынуы мүмкін.
Осы шығындарды қаржылық есептеулеріңізде алдын ала ескеруді және қажет болған жағдайда оларды түпкілікті сатып алушылар үшін тауарлардың бағасына қосуды қарастыруды сұраймыз.
3. Product Identifiers (PID) көрсетудің міндеттілігі
Коммерциялық инвойста және жөнелтілім туралы деректерде әрбір тауар позициясы бойынша дұрыс әрі жарамды тауар идентификаторы (PID) көрсетілуі тиіс.
Мұндай идентификаторларға мыналар жатады:
тауардың артикулы;
- SKU;
-
модель нөмірі;
-
GTIN;
-
EAN;
-
UPC және т.б.
PID көрсетілмеген немесе қате көрсетілген жағдайда, жөнелтілім Еуропалық Одақтың кеден органдарында ұсталып қалуы, қосымша ақпарат сұратылуы немесе жүк кері қайтарылуы мүмкін.
Жөнелтілімдерді тағайындалған елдегі кеден органдарының дұрыс өңдеуін қамтамасыз ету үшін:
- Әрбір тауар позициясы бойынша жарамды PID-ті ілеспе құжаттарда және жөнелтілімнің электрондық деректерінде міндетті түрде көрсетуді қамтамасыз ету.
-
Жаңа кедендік баждар мен ықтимал өңдеу алымдарын жөнелтілім құнын есептеу кезінде ескеру.
SKU, AN / UPC және модель нөмірі туралы
SKU — бұл компания ішінде қолданылатын тауардың ішкі артикулы немесе нөмірі. Мысалы, 1С жүйесінде әрбір тауарға жеке артикул беріледі, сол артикул SKU болып табылады.
EAN / UPC — тауардағы кәдімгі штрих-код. Мысалы, дүкеннен сатып алынатын тауарлардың қаптамасында көрсетілетін штрих-код.
Модель нөмірі — тауардың бірегей моделін білдіретін зауыттық немесе өндіруші көрсеткен нөмір.
Қалай көрсету керек
Бұрын:
«Әйелдерге арналған кепка — 2 дана»
Енді:
«Ақ түсті жазғы кепка — 2 дана (Артикул: CAP-WHT-01)»
Жеке тұлғалар үшін
Бұған дейін айтылған ақпаратқа қосымша түсіндіреміз:
Егер жөнелтілімді
жеке тұлға ретінде жіберсеңіз, жүйе мен кеден органдары сізден коммерциялық SKU талап етпейді.
Оның орнына инвойста (жөнелтілімнің сипаттамасында) әрбір затты барынша нақты, толық және шынайы сипаттау қажет. Бұл кеден қызметкеріне жөнелтілімнің ішінде нақты қандай тауар бар екенін түсінуге мүмкіндік береді.
Дұрыс емес сипаттамалар:
- «Киім — 3 дана»
-
«Сыйлық — 1 дана»
Жеке тұлғалар үшін дұрыс сипаттамалар:
- «Ерлерге арналған мақта матадан жасалған көк түсті футболка, қолданыста болған — 1 дана»
-
«Былғары әмиян, қолданыста болған — 1 дана»
-
«Пластиктен жасалған балалар ойыншығы (машинка) — 1 дана»
Яғни,
қарапайым жеке тұлғалар үшін PID/SKU көрсету талабы қолданылмайды, себебі олар тауар өндірмейді және көтерме саудамен айналыспайды.
Бұл талап, ең алдымен,
коммерциялық жөнелтілімдерге және маркетплейстерге бағытталған.
Құрметпен,
«РИКА» ЖШС әкімшілігі