Экспресс-почта “РИКА”
  • Жұмыс күндері:
    ДС.-ЖМ.
    9:00 - 18:00
  • Жұмыс күндері:
    СЕН.
    9:30 - 14:00

ЖШС "РИКА" ТУҒАН КҮНІ - 20 ЖЫЛ.

03.10.2016


Құрметті Әріптестер, қымбатты Достар,

Біз сіздерді шын мәніндегі үлкен және маңызды оқиға Риканың жиырма жылдық мерейтойымен құттықтауға шын жүректен қуаныштымыз.

Жеке ісімізді бастау идеясынан бірінші клиент және бірінші конверттен бастап сол тоқсаныншы жылдардың ортасындағы қарқынды және белгісіз кезеңдегі қауырт жұмыс және тынымсыз ұмтылыстың жиырма жылы өтті.

Осы жылдар ішінде біз қазақстандық логистиканың стартапы және пионері кезеңдерінен клиенттердің құрметіне лайық кемелденген компания және бүкіл ел бойынша танымал брэндке айналдық. Бұл - біздің бірлескен еңбегіміздің, біздің ортақ құндылықтарымыздың, сарқылмас күш-жігер және ең күрделі жағдайларда дұрыс шешім табу қабілеттеріміздің нәтижесі, ал ондай жағдайлар, өздеріңіз білесіздер, осы жылдар ішінде аз болмады.

Артымызға қарасақ, біз шын мәнінде 20 жыл ішінде аяғымен нық тұрған біздің компанияны мақтан ете аламыз. Бүгін біз ең талапты клиенттерге ең жоғары сапалы қызмет көрсете отырып нарықтағы ең жетекші орындамыз.

Достар алдағы әлі талай қиындықтарға қарамастан біздің өткен жолымыз, біздің жетістіктеріміз ортақ ісіміздің болашағына деген зор сенім ұялатады.

Осындай тамаша күні біз сіздерге денсаулық, күш-жігер және белсенділік тілейміз. Ең бастысы- біздің алдымызда әлі талай үлкен істер күтіп тұрғанына сенімді болыңыз!

Құрметпен,
Александр Иванович
Людмила Николаевна
Анна Викторовна

Поделиться с друзьями

ВКонтакт Facebook Google Plus Одноклассники Twitter Livejournal Liveinternet Mail.Ru