Экспресс-почта “РИКА”
  • Жұмыс күндері:
    ДС.-ЖМ.
    9:00 - 18:00
  • Жұмыс күндері:
    СЕН.
    9:30 - 14:00

РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН ЗАТТАР

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жыл, 17 шілдесіндегі N 798 қаулысымен бекітілген


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі И.Тасмағамбетов


  1. Қазақстан Республикасы аумағында поштамен тасымалдауға рұқсат етілмеген заттар тізімі

    1. Әскери қол атқыш және суық, азаматтық, қызметтік қару, ату жарақтары, оларды толымдаушы қос қолдану арнайы техникалық құралдар* 
    2. Спирттік ішімдіктер, eсірткі, психотроптық заттар және прекурсорлар.
    3. Ядролық материалдар, радиоактивті, күшті әсер ететін, улы, жарылғыш және жанғыш заттар, жаруға арналған заттар, пиротехника және басқа қауіпті заттар.
    4. У, улы жануарлар, заттар, өсімдіктер және ұрықтар.
    5. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы мен шетелдік валюта түрлері**
    6. Конституциялық құрылымды күштеп өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, соғыстың басталуына әкеліп соғатын, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік, тектік артықшылыққа қатысты, зорлық-зомбылыққа шақыруға, жәбірлеу және порнографияны насихаттауға бағытталған баспа шығарылымдары, бейнелеу материалдары, кино-, фото-, аудио- және видеоматериалдар.
    7. Тез бұзылатын тамақ өнімдері
    8. Табиғаты мен орауышына байланысты пошта қызметкерлерінің денсаулығы және өміріне зиян келтіруі мүмкін, өзге пошталық жөнелтулер мен пошта жабдықтарын ластауы немесе бүлдіруі ықтимал заттар.


  1. Халықаралық пошталық жөнелтулермен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тасымалдау рұқсат етілмеген заттар

    1. Әскери қол атқыш және суық, азаматтық, қызметтік қару, ату жарақтары, оларды толымдаушы қос қолдану арнайы техникалық құралдар
    2. Спирттік ішімдіктер, есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлар.
    3. Ядролық материалдар, радиоактивті, күшті әсер ететін, улы, жарылғыш және жанғыш заттар, жаруға арналған заттар, пиротехника және басқа қауіпті заттар.
    4. У, улы жануарлар, заттар, өсімдіктер және ұрықтар.
    5. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы мен шетелдік валюта түрлері, сондай-ақ күші жойылған құнды қағаздар (экспортты пошталық жөнелтулерде), нумизматика мақсатынан басқа мақсаттарға бағытталған ақша белгілері.
    6. Марал, ақбөкендер, шұбар бұғылардың мүйізі, тұяқтары, сонымен қатар, шұбар бұғының терісі (экспортты пошталық жөнелтулерде), Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктердің туындылары/дериваттары
    7. Конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, соғыстың басталуына әкеліп соғатын, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік, тектік артықшылыққа байланысты, зорлық-зомбылыққа шақыру, жәбірлеу және порнографияны насихаттауға бағытталған баспа шығарылымдары, бейнелеу материалдары, кино-, фото-, аудио- және видеоматериалдар.
    8. Ара, сүліктер және жібек құрттарынан басқа тірі жануарлар.
    9. Табиғаты мен орауышына байланысты пошта қызметкерлерінің денсаулығына және өміріне зиян келтіруі мүмкін, өзге пошталық жөнелтулер мен пошта жабдықтарын ластауы немесе бүлдіруі ықтимал заттар.
    10. Тез бұзылатын тамақ өнімдері
    11. Тиындар, банк билеттері, кредиттік билеттер немесе кез-келген құнды заттар, жол чектері, бағалы металдар және тастар, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдар (құндылығы жарияланбаған хаттар мен сәлемдемелерде)
    12. Заттың апарылатын мемлекетің заңына сәйкес енгізуге рұқсат етілмеген заттар.


Ескерту

1. * Сатуға лицензиясы бар дүкендердің азаматтық және қызметтік қаруларының бұзылған бөлшектерін жөндеуге құқық

беретін лицензиясы бар зауыттар не заңды немесе жеке тұлғалар мекен-жайына жіберетін осындай бөлшектерді қабылдап, оларды тасымалдау тек ерекше жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Сондай-ақ, аталмыш зауыттар не заңды немесе жеке тұлғалардың сәйкесінше дүкендер мекен-жайына жөнелту жағдайлары да осы сұраққа қатысты.


2. ** Банкнот, тиын және құнды заттарды инкассациялау мен тасымалдауға Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес құқығы бар заңды тұлғалардың жөнелткен, құны хатта және сәлемдемеде жарияланған банкноттары, тиындары және құнды заттарын қабылдап, тасымалдауға болады. Барлық басқа жіберушілердің құны хатта жарияланған күдікті ақша бірліктерін Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес Ұлттық Банк филиалының мекен-жайына тасымалдау рұқсат етіледі. Сонымен қатар, нумизматикалық тиындар мен жинақтамаларды тасымалдауға рұқсат беріледі.



Поделиться с друзьями

ВКонтакт Facebook Google Plus Одноклассники Twitter Livejournal Liveinternet Mail.Ru