Құрметті клиенттер!
Басқа елге жүкті (жөнелтілімді) рәсімдеу және жөнелтімді төлер алдында, өтінеміз, төмендегі ақпаратпен танысыңыз.
Басқа елдерде жүкті кедендік рәсімдеу бойынша, сонымен қатар, кедендік заңнама, кедендік жеңілдіктер мен баждар көлемі, импорттық жүктерге салық салу және т.б. туралы сұрақтар бойынша кеңес беру.
Басқа елдерде жүкті кедердік рәсімдеу. РИКА ЖШС аталмыш қызметті Қазақстаннан тыс жүзеге асырмайды және ол үшін жіберушілер немесе алушылардан ақы алмайды. Жүктерді Қазақстаннан РИКА ЖШС арқылы жібере отырып, сіз РИКА ЖШС-не жеткізу қызметтері үшін ғана төлейсіз.
Коммерциялық инвойста немесе проформа инвойста деректердің толтырылуы мен дұрыстығы үшін жауапкершілік толығымен жөнелтушіге жүктеледі, Рика ЖШС консультанттарының инвойсты толтыру жөніндегі консультациялары тек таныстыру сипатына ие және кедендік тазарту кезінде белгіленген пункттегі барлық кейінгі рәсімдер жөнелтушінің жауапкершілігі болып табылады.
Жүк жіберілетін елдегі кедендік нормалармен және жүктер импорты ережелерімен танысу немесе оларды алушыдан нақтылап білу. Егер алушы аталмыш ақпаратты білмейтін болса – оны ақпаратпен таныстыру немесе танысуды өтіну.
Жүкке ілеспе құжаттарда (инвойс, көлік жөнелтпе құжаты) максималды шынайы ақпаратты көрсету. Бұл тағайындалған ел кеденінде жүктің кідіруінің және алушы үшін баждар мен кедендік рәсімдеуді төлеуге болжанбаған шығындардың алдын алуға көмектеседі.
Рика ЖШС өкілі инвойсты толтыру жөнінде ұсынымдар алғаннан кейін инвойсты алушыға жіберу және осы инвойсты алушы растағаннан кейін алыс шетелге жөнелту қажет.
Құрметпен және түсіністікке үмітпен,
Рика ЖШС әкімшілігі
|
|